• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Азия додасы тасжолда жалғасады

370 рет
көрсетілді

Осы күндері елімізде велоспорттан Азия чемпионаты өтуде Кеше Астанада 34-ші  құрлықтық чемпио­нат мәресіне жетті. Бұл жарыс «Сарыарқа» велотрегінде» трек бойынша 22-26 мамыр күндері өтті. Ал жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кеше Қарағанды қаласында басталды. Онда командалар тасжолда сынға түседі. Осы екі жарысқа 30 елден 500-ден астам спортшылар қатысуда. Кеше тасжолда, яғни шоссе бойынша басталған бәйге осымен 21-ші рет өткізіліп жатыр. Ол Астанада өткен құрлықтық чемпионат секілді елімізде алғаш рет өтуде. Астанада тректен өткен Азия додасында еліміз 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте бесінші орынды місе тұтты.  Біздің спортшылар жарыстың соңғы күні екі алтын мен екі күміс жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасында Екатерина Юрайтис пен Роман Василенков пен Надежда Женелева жекелей сында топ жарды. Осы сайыста Екатерина Юрайтис Азияның жаңа рекордын жаңартты. Сонымен бірге ол Надежда Жанелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова қуалау (4000м) бойынша командалық жарыста алтын жүлдені иеленді. Ал жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге қытайлық трекшілер ие болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Қытайдың Сянгань құрамасы екінші және үшінші орынды иеленді. Тағы бір айтатын нәрсе, Астанадағы жасөспірімдер және ересек спортшылар арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде екі құрлықтық рекорд жасалды. Рекордтың екеуі де жасөспірімдер арасындағы гит са­йысында жаңартылды. Алдымен Азияның үздігі оңтүстіккореялық Джунг Джихи 1 шақырымды 1:04.517 секундта жүріп, чемпион атанса, одан кейін малайзиялық велошабандоз Мохд Зонис Мухаммад Фирдаус жаңа рекорд жасады. Ол 1 шақырымды 1:03.962 секундта өтті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».