Бүгін Түркияның батысында 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі хабарланбады.
БАҚ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 2,5 миллион адам тұратын Эгей теңізінің жағалауындағы Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Қайнар көзі 5 км тереңдікте жатыр.