• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Қараша, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

384 рет
көрсетілді

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтайды, осыған байланысты күзгі тұрақсыз ауа-райы әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8 қарашада елдің оңтүстік облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік жартысында қарлы боран, тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел күтіледі. 7 қарашада республиканың батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын - шашын тоқтайды деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарламасында.