• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Оза шауып бәйге алды

378 рет
көрсетілді

Белоруссия астанасы Минск қаласында  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ТМД сыйлығымен марапатталды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі байқаудың  жеңімпаздарын жария етті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша ғылыми табыстары үшін  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының иегері атанды. Кеше Минскіде ТМД Атқарушы комитетінің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев  Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа арнайы диплом мен сыйлықты табыс етті. Жеңімпаздарды Әзербайжан, Ар­мения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан секілді ТМД-ға мүше 11 мемлекеттің үкімет жетекшілері анықтады.Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлығы байқауы екі жылда бір рет   конкурстық негізде өткізіледі. Оның ішінен бірнеше мәрте сараптау­дан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. ТМД елдері экономикалық кеңесінің сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары өндіретін өнімдер мен  жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын және жаңа экономикалық жағынан тиімді инновациялық жобаларды бағалау үшін ұйымдастырылып келеді. Еркін БАЙҒАБЫЛҰЛЫ.