• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Қараша, 2022

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

170 рет
көрсетілді

Елордада және еліміздің 10 облысында тұман болып, қар, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

6 қарашада түнде оңтүстік-батыста, күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел соғады. Ақтауда 6 қарашада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, түнде Қарағанды ​​облысының шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, төмен қарлы боран күтіледі. Көкшетауда 6 қарашада түнде және таңертең қар жауады, жолдарда көктайғақ болмақ. Батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15 м/с-ке жетеді.

6 қарашада түнде Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, төмен қарлы боран болады. Батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда көктайғақ, төмен қарлы боран күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда 6 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.