• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2022

Үрмелі аспаптар академиясы ашылды

292 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізінде Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың, Қазақстандағы Гете институтының және Француз альянсының қолдауымен Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы ашылды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен классикалық музыка өнеріндегі бірегей жобаның негізгі ұйымдастырушысы – Жамбыл атындағы Қазақ мем­лекеттік филармониясы.

Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы мұғалімдер мен же­текші солистер – Сон Хюн Чо (Оңтүстік Корея), Томас Хатчинсон (Жаңа Зеландия, Франция), Роман Люк (Германия, Франция) және Джованни Пунци (Италия) ұсынған төрт күндік практикалық семинарлардан тұрады. Бұл жоба көктемде құрылған Флейта академиясының жалғасы іспетті.

Академияға Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан ірік­тел­ген 40 қатысушы конкурстық негіз­де шақырылды. Олар жетекші ха­лықаралық мамандардың басшы­лы­ғымен практикалық білімді тегін игереді. Ұйымдастырушылар үшін жас орындаушылардың, музыканттардың кәсіби дамуына қатысты толғандырған сұрағына жауап беріп, сондай-ақ қоғамдастық арасындағы байланыс­ты нығайту маңызды. Академияның шеберлік сыныптары еркін тыңдау­шы­лар үшін ашық болады, бұл үрдісті бақылауға, білімін жетілдіре түсуге және осы ортадағы әріптестерімен танысуға мүмкіндік береді.

«Біз үшін академиялық ортаны дамыту жұмысы 2018 жылы басталды. Сонда серіктестеріміздің арқасында үрмелі аспаптарда ойнайтын дарынды орындаушылар үшін атаулы шәкіртақы тағайындадық және үрмелі аспаптарда ойнауды үйренетін дарынды оқушылар мен студенттерге арналған екі республикалық байқау өткіздік», дейді Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры Наргиз Шөкенова. 

Академия Жамбыл атындағы Қа­зақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өткен салтанатты Гала-концертпен аяқталды.

 

Баян МҰРАТБЕКҚЫЗЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті