• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2022

Ынтымақтастық нығая түспек

172 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібін ілгері­ле­ту ісінде әлемдегі озық технологияларды қол­данудың маңызы зор. Осы мәселе Жетісу об­лысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Чехия Рес­публикасының Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Рудольф Гиклмен кездесуінде ке­ңінен талқыланды.

Жетісу облысы әкімі­нің баспасөз қызме­ті­нің мә­ліметінше, алда­ғы уа­қыт­та өңірдің Чех Рес­пуб­ли­­касымен ара­дағы іс­к­ерлік байланыс аясы ке­ңей­мек. Ресми қонақ­тар­ды қарсы алған Бейбіт Исабаев облыс екіжақты сауда-экономикалық қа­рым-қатынасты дамытуға дайын екенін жеткізді.

«Біздің өңірге арнайы келгендеріңізге ризашы­лы­ғымды білдіремін. Қос тараптың да серіктестік қатынас орнатуға, өз елде­рі­міздің игілігі үшін жаңа әлеуметтік-экономикалық жобаларды бірлесіп іске асыруға ниетіміз бар. Мә­се­лен, Текелідегі ашыт­қы за­уы­ты чехиялық қондыр­ғы­лармен жабдықталған, асыл тұқым­ды ірі қара өсі­ру саласын дамытуда да екі ел арасында байланыс орнаған. Алдағы уақытта ұзақмерзімді қарым-қа­тынасты орнықтыруға мүм­­кіндіктер мол», деді Б.Исабаев. Сол сияқты өңір­дің Алматы қаласында кеңсесі бар екенін, қажет болса инвесторлармен, бизнесмендермен сол жерде іскерлік кездесулер өткізуге болатынын да айтып өтті.

Өз кезегінде Рудольф Гикл жылы қабылдау үшін алғысын жеткізіп, тек ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібінде ғана емес, чехиялықтар технология саласында да ынтымақтасуға дайын екендігін айтты. Сол сияқты туризм мен бі­лім беру салаларында да екі елдің дамыған база­сы­ның болуы үлкен мүм­кіндіктерге жол ашпақ. Осы ретте Бейбіт Иса­баев Жетісу облысы өңір хал­қының әлеуметтік-эконо­ми­­калық игілігі үшін ынты­мақ­тастыққа ашық екенін жеткізді.

Жалпы, Жетісу облысына сапары барысында Чех Республикасының ресми делегациясы өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, оларға өз елінде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникаларын таныстырды.

 

Жетісу облысы