Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Павлодар және Ақмола облыстарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына инспекциялық сапармен барды.
Атап айтсақ, Н.Әбдіров Павлодар облысының Бесқауға және Шідерті ауылдарындағы, Ақмола облысының Малтабар және Ерейментау қалаларындағы бес сайлау учаскесінде болды. Сапар барысында орталық сайлау комиссиясының басшысы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен жалпыхалықтық дауыс беруді дайындау және өткізу мәселелері бойынша кездесулер өткізді.
Уәкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының мүшелері ОСК төрағасына өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедек азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақтылы жеткізу туралы баяндады.
Мәселен, Павлодар облысының АСК төрағасы Гүлнар Аманжолова өңірдегі сайлаушылар тізіміне 510 847 азамат енгізілгенін хабарлады. 30 қазанда сайлаушылар тізімі акт бойынша өңірдің барлық сайлау учаскесіне берілді, ал 4 қарашадан бастап олар сайлаушыларға танысуға ұсынылды. Ол сондай-ақ сайлау учаскелеріне 5 109 сырттай куәлікті дайындау және беру туралы хабардар етті. Ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде сайлаушылардың мекенжайлары бойынша уақтылы жеткізілетін 409820 шақыру мен плакат дайындалып, орналастырылған. Дауыс беру күні 225 сайлау учаскесінде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис, ал Мобильдік ХҚКО-лардың 6 жұмысы ұйымдастырылады. Бекітілген кестеге сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша жұмыс жалғасуда.
Бесқауға ауылдық учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айсұлу Әбішева ауылдағы сайлаушылар тізімінде мүгедектігі бар адамдар жоқ екенін, бірақ соған қарамастан сайлау учаскесінде басқа өңірлерден келген азаматтар оларға есептен шығару куәліктері бойынша жүгінген жағдайда МБА дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалғанын хабарлады. Шідерті ауылындағы сайлау учаскесінде де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, дауыс беруге арналған үй-жай ғимараттың бірінші қабатында орналастырылған. Ғимаратқа кіреберісте тірек функциялары бұзылған сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған тұтқалар, пандус, үй-жайда дауыс беруге арналған кабиналар, қозғалтқыш аппараты, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар, қосымша жарықтандыру құралдары бар. Нұрлан Әбдіров еліміздегі дауыс беруге арналған барлық 10 101 учаске Брайль шрифтімен арнайы трафареттермен қамтамасыз етілетінін ерекше атап өтті.
Ақмола облысының АСК төрағасы Манарбек Сәдуов өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 517 031 азамат енгізілгенін баяндады. Мұнда да 30 қазанда сайлаушылардың тізімдері акт бойынша сайлау учаскелеріне берілді және 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысуға ұсынылды. Облыстық АСК 5 170 есептен шығару куәлігі дайындалып, сайлау учаскелеріне берілген. Ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде 345 100 шақыру мен плакат дайындалып, орналастырылған, олар алдағы күндері сайлаушылардың мекенжайлары бойынша жеткізіледі. Дауыс беру күні 173 сайлау учаскесінде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис, ал Мобильдік ХҚКО-лардың 5 жұмысы ұйымдастырылады. Сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша жұмыс бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Инспекциялық сапар аясында Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерінің назарын дауыс беруге арналған үй-жайлардың тек сайлаушылар үшін ғана емес, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін де қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету қажеттігіне аударды. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында қолданыстағы заңнаманың қатаң талаптарына сәйкес, дауыс беруге арналған жекелеген үй-жайларды сол сайлау учаскесі шегінде сайлау үдерісінің барлық қатысушысы үшін неғұрлым кең және ыңғайлы үй-жайларға ауыстыру туралы шешімдер қабылданды.
Сапар барысында ОСК төрағасы сайлаушыларға тізімдерде өздерін тексеруге мүмкіндік беретін онлайн сервистердің жұмысын тексеріп, сайлау комиссиялары мүшелерін электоралдық оқыту нәтижелерімен танысты.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына учаскелерді ақпараттық-техникалық жарақтандыру, олардың азаматтар үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығы, дауыс беру күні тиімді байқау үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.