• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2022

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылысшылар анықталды

274 рет
көрсетілді

Құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер, атап айтқанда алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

«Астана қаласының әкімдігі ақшаңызға абай болу керектігін ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйлердің пәтерлерін сатып алуды қолдамайды. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге хабарласуыңызды сұраймыз», делінген әкімдік хабарламасында.

Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жаза қарастырылған.