• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2022

Рақымшылыққа ілінгендердің жалпы саны белгілі болды

202 рет
көрсетілді

Бас прокуратура қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан бес азаматқа рақымшылық жасау арқылы қылмыстық қудалау тоқтатылғанын хабарлады. Қалғандарына қатысты сот шешім қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, рақымшылық жасауға жататын адамдардың жалпы саны шамамен бір жарым мың адамды құрайды», деді ОКҚ брифингінде Бас прокуратураның бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Ол Бас прокуратура жергілікті прокурорларға «Рақымшылық туралы» заң нормаларының заңдылығын және біркелкі қолданылуын қатаң қамтамасыз етуді тапсырғанын түсіндірді.

«Бүгінгі таңда жазаны орындайтын органдарға 878 сотталушыға қатысты жазаны қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныстар жіберілді. Тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде ауырлығы орташа қылмыс жасаған 5 күдіктіге қатысты қудалауды тоқтатты», деп түсіндірді Е.Қилымжанов.