Арслан Беспаев «Астана» ФК Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген. 2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының бөлімдерінің бірінде басшылық қызметте болды.Еске салсақ, Арслан Қуанышбекұлы осы уақытқа дейін клубта атқарушы директор қызметін атқарған.