Полицияның мәліметінше, өткен тәулікте Алматыда 163 жол-көлік оқиғасы орын алып, 48 адам зардап шеккен, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ күні кеше қалалық екі автобус соқтығысып, көлік апаты нәтижесінде бір адам қайтыс болған еді.
Полиция департаменті қалада күніне орта есеппен 100-120 көлік апаты болатынын айтады. Оның ішінде кішігірім ЖКО болатынын атап өтті. Алайда қолайсыз ауа райында бұл көрсеткіш күрт артып, зардап шегетіндер саны да көбейеді екен.
Сондықтан полицейлер көлік жүргізушілері мен жолаушыларды өте мұқият болуға шақырды.
«Бұл өтініш негізінен қауіптілігі жоғары көлік құралдарын басқаратын қаланың жүргізуші құрамына жіберіледі. Оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін көрсетуге және зейінді болуға шақырамыз. Бұл оқыс оқиғалардың, қайғылы апаттардың алдын алады», дейді тәртіп сақшылары.