• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 09 Қараша, 2022

Білім беру саласына салынған инвестициялар көлемі өсті

376 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында білім беру саласындағы негізгі капиталға 219,1 млрд теңге көлемінде инвестиция түскен. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 49,2%-ға артық. Сектордағы инвестициялардың 72%-ы - бюджет қаражаты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Finprom.kz дерегі бойынша 2021 жылдың ұқсас кезеңінде білім беру саласындағы инвестициялар 146,9 млрд теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе инвестициялардың ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматы қаласында болды: 61,7 млрд теңге. Көшбасшылар үштігіне Түркістан облысы (33,9 млрд теңге) және Шымкент (22,3 млрд теңге) кірді.

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау облысында тіркелді: барлығы 337,7 млн теңге. Антилидерлердің үштігіне Қарағанды және Ақтөбе облыстары да кірді.

Білім беру саласындағы инвестициялардың үштен екісіне жуығы, яғни 136,5 млрд теңге жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64,9%-ға артық.

Бұған дейін Үкімет білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада білім беру сапасын кешенді жақсарту бойынша бірқатар іс-шара көзделген. Осы ретте білім берудегі қызметтерді цифрландыру, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, жаңа факультативтік пәндерді енгізу және мектептерде қосымша секциялар ашу, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және басқа да жұмыстар жалғасады.