• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Қараша, 2022

Саяси жаңғыру кезеңі

557 рет
көрсетілді

Конституциялық өзгерістер Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының заңды жалғасы деуге толық негіз бар. Бүгінде дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанды ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр. Мұның барлығы Конституциялық реформасыз мүмкін болмайтыны әу бастан-ақ түсінікті еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ата Заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу мәсе­лесі Парламентте емес, рес­пуб­ликалық референдумда ше­шіл­ді.

Конституциялық өзгерістер азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Әсіресе азаматтардың құқық­та­рын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған заңдарға ерекше тоқталғым келеді. Оған сәйкес, Кон­ституциялық сот азаматтар өтініші бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құ­қықтық актілердің Консти­ту­цияға сәйкестігін қарайды. Екіншіден, өлім жазасын конс­ти­туциялық деңгейде жою туралы шешім түп­кілікті бекітілді. Үшіншіден, про­куратураның жұ­мысы­ Кон­ституциялық заң­мен белгіленді. Бұл жүйелі құқық қорғау қызметін және мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды күшейтеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адам­дарға тәуелді болмау және есеп бермеу кепілдіктеріне ие болғаны да халықтың назарын аударғаны сөзсіз. Уәкілдің Конституциялық сотқа жүгінуге құқығы бар.

Жалпы, бұл реформалар – ауқымды саяси жаңғырудың аса ма­ңызды кезеңі. Конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие. Нәти­жесінде, барлық мемлекеттік модельдің тиімділігі артады. Конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Әділетті Қазақ­стан теңдік пен әділдіктің туын желбіретеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азамат­тар­дың жақсы өмір сүргенін қалайды. Осы конституциялық өзгерістер арқылы халықтың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы жағдайды оңалтқысы келеді. Бұл өзгерістер арқылы біз гүлденген, Әділетті Қазақстан құра аламыз. Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетініне сенім мол.

 

Марат БӘШІМОВ,

Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының директоры