Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың немесе олардың сенім білдірілген адамдарының Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған телевизиялық пікірталастары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ережеге сәйкес, теледебат төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - «сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері», онда әр қатысушының өз бағдарламасын ұсыну мақсатында сөз сөйлейді.
Екінші кезең - «пікірталас сессиясы», онда қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қоя алады.
Үшінші кезең - «сайлаушылардың сұрақтары». Бұл кезеңде сайлаушылар кез-келген кандидатқа сұрақ қоюға мүмкіндік алды.
Төртінші кезең – «сайлаушыларға үндеу».