• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қараша, 2022

Семейде «алтын іздеушілер» ұсталды

400 рет
көрсетілді

Абай облысы Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми порталына сілтеме жасап.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылған.

Бүгінде 13 «алтын іздеуші» ұсталған, оның ішінде 7 шетелдік азамат бар.

Іздеу іс-шараларын жүргізу бойынша 100 тонна алтыны бар кен, сондай-ақ 2 келіден астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленген.

Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтың иесі -   жергілікті тұрғын қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ретінде ұсталды.