• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қараша, 2022

Қазақстанға Еуроодақтың қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі келеді

148 рет
көрсетілді

16 қарашада Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссия вице-президенті Жозеп Боррель Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сапар аясында Жозеп Боррельдің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарлануда», деді А. Смадияров.

Тараптар келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.