KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 460,99 теңгені құрап, 1,10 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 65,61 теңгені (+0,48) құрады.
Еуро және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 474,08 теңгеге, рубль бағамын 7,61 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 475-479 теңгеден, еуроны 458-466 теңгеден, ресей рублін 7,2-7,6 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар бүгінгі сауда-саттық кезінде әлемдік мұнай бағасы біршама төмендеді.
Мәселен, Brent фьючерстері 0,28%-ға арзандап, барреліне 92,88 долларды құрады.
WTI фьючерстері барреліне 85,35 долларға дейін 0,61%-ға төмендеді.