• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Алматыда түйткілді мәселе көп

357 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Алматының бірегей орналасқан жері тау туризмін дамытуға аса қолайлы. Бірақ, тау туризмі кластерін бүкіл Алматы агломерациясы шеңберінде қалыптастыру қажет. Менің ойымша, Түрген мен Қаскелең арасындағы тау кластерінің Шығыс және Батыс бөліктерін осы жерлердің әкімшілік мәртебесіне қарамастан, кешенді түрде дамыту керек», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы коммуналдық жүйенің жұмысы да көңіл көншітпейтінін атап өтті.

«Алматының тарихи орталығы – өмір сүру үшін аса қолайлы жер. Қажетті нәрсенің бәрі жақын жерде орналасқан. Алайда, орталықтың өзіне тән түйткілдері бар. Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп.Сондай-ақ, шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отыр. Әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды», деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев Алматыда азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз екенін айтып, әкімдікке ескерту айтты.

«Әкімдіктің басты міндетінің бірі – орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою. Қала – бәріне ортақ. Сондықтан, қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс», деді Президент.