• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Сыртқы саясатымыз еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған - Қ.Тоқаев

6411 рет
көрсетілді

Президент Алматы жұртшылығымен кездесуінде Қазақстан прогрессивті күн тәртібін алға жылжытуы керектігін айтты, деп жазады Egemen.kz. 

- Бұл біздің дипломатиямызға да қатысты, оның рөлі қазіргі геосаяси шындықта айтарлықтай артып келеді. Қазақстан ұлттық мүдделерді қорғауға, бейбітшілік, сенім және ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізеді, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Сондай-ақ біздің сыртқы саясатымыз еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға, экспортты ілгерілетуге бағытталғанын да атап өтті.

- Мұның бәрі, сайып келгенде, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Халықаралық мәселелерде Қазақстан әрқашан Біріккен Ұлттар Ұйымының әмбебап қағидаттарын берік ұстанатын болады. Екінші жағынан, ұйымның өзі барлық мемлекеттердің мүдделерін ескеретін неғұрлым инклюзивті жаһандық құрылымға айналу тұрғысынан реформаларды қажет етеді, - деді ел Президенті. 

Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл әсіресе әлемнің түкпір-түкпірінде әскери қақтығыстар туындаған кезде, мемлекеттер арасында сенімсіздік артып, әртүрлі террористік және гибридтік қауіптер күшейген кезде өте маңызды. Сондықтан Қазақстан Еуразияның қақ ортасында бола отырып,  олардың ықпалын сезінеді.

- Алайда, біз түпкі мақсаты қуатты мемлекет, әділ қоғам құру болып табылатын реформалардың белгіленген жолынан бас тартпаймыз, - деді Мемлекет басшысы. 

Президент жалпыұлттық диалогтың артқандығына да тоқталды.

- Жалпыұлттық диалогтың,азаматтық қоғамның белсенділігіне  арқасында еліміз ауқымды саяси өзгерістерді жүзеге асырдық. Саяси реформалардың төрт пакеті жүзеге асырылды. Бейбіт жиналыстар туралы түбегейлі жаңа заң қабылданды. Ауыл әкімдерін сайлау енгізілді, аудан басшыларын сайлауға көшу жоспарлануда. Партиялар құру үшін жағдайлар жеңілдетіліп, Мәжіліске өту шегі төмендетілді. Әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған сайлау тізімдеріне 30 пайыздық квота енгізілді, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Президент атап өткендей мұның бәрі азаматтарды мемлекеттік шешімдер қабылдауға, адал және әділ ойын ережелерін қалыптастыруға, фаворитизмнің кез-келген түрін жоюға бағытталған бастамалардың аз ғана бөлігі. 

 - Біз ауқымды саяси өзгерістерді дәйекті түрде жүзеге асырамыз, экономика мен әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асырамыз, деп тоқталды Қ.Тоқаев. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл реформалар халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие екенін айтады. 

- Біздің Қазақстанды жаңғырту жөніндегі күш-жігерімізді реформаны шектеу ретінде ұсынуға және оны шетелдік саясаткерлер мен сарапшыларды сендіруге тырысатындар мүлдем қателеседі. Шындығында, өте үлкен жұмыс жасалды. Бүкіл әлемде Қазақстан жаңа мазмұн мен келбетке ие болғанын мойындайды. Бұл жерде ешқандай асыра сілтеу жоқ. Ең бастысы, реформалар одан әрі дамиды. Қазақстан қарқынды дамып, барлық тоқырау құбылыстарынан арылатын болады, - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.