Бүгін Қызылорда-Павлодар автожолының 722 шақырымында шағын автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Egemen.kz.
Аударылған көлікте 19 жолаушы болған. ТЖД хабарлауынша, үш адам зардап шегіпті.
Оқиға туралы дабыл Жаңаарқа ауданы ТЖБ Ұлытау облысының «Ақтүбек» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен. Жол апаты орын алған орынға дереу арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы барып, бригада зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті. Қазір зардап шеккен бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда апаттық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет көрсетеді.