• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Қараша, 2022

Доллар бағамы құлдырады

164 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 459,35 теңгені құрап, 1,44 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,88 теңгені (-0,73) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 479,43 теңгеге, рубльді - 7,64 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды - 460-465 теңгеден, еуроны - 472-478 теңгеден, ресей рублін - 7,23-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 16 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Brent маркалы қаңтар фьючерстерінің құны 0,44%-ға төмендеп, барреліне 93,45 долларды құрады.

Желтоқсан WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға, барреліне 86,41 долларға дейін төмендеді.