• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2022

Ақмолада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

262 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік органдармен 7 млн 124 008 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өткен жылы осындай уақытта 6 млн 206 204 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген еді. 

Атап айтсақ, қызмет көрсетушілер арқылы - 66 540 мың, мемлекеттік корпорация арқылы - 307 145 мың қызмет көрсетілді. Электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 94,8% құрады.