• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді

285 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Ел болашағында жақсы өзгерістер болсын десек, сайлауға белсене қатысуымыз қажет. Сайлау еліміздің болашақтағы даму бағдарын анықтайды. Бүгінгі науқанға ел ішінде сонымен қатар шетелде де қызығушылық жоғары. Сайлау барысын 600-ден астам халықаралық байқаушы қадағалап жатыр», деді Ерлан Қарин БАҚ өкілдеріне.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.