• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2022

Таңдауымды дұрыс жасадым деп ойлаймын - Серік Ақсұңқарұлы

270 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласы Күнгей шағынауданында орналасқан №795 сайлау учаскесінде қазақтың ақиық ақыны, Мемлекеттік сыйлық иегері Серік Ақсұңқарұлы дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

- Бүгін – тарихи сындарлы сәт. Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасайды. Біз ертеңнен бастап, Жаңа Қазақстанда, өркениет төріне қарай ұмтылған, құқықтық мемлекет құратын, барды бар, жоқты жоқ деп айтатын Қазақстанда өмір сүретін боламыз. Мен ұрпағым үшін, ұрпағымның болашағы үшін дауыс беріп тұрмын. Тарихи таңдауымды дұрыс жасадым деп ойлаймын. Заман ертеңнен 180 градуска өзгереді деп сенемін, - дейді Серік Ақсұңқарұлы.

№795 сайлау учаскесінің төрағасы Динара Мусаеваның айтуынша бұл сайлау учаскесінде 2885 сайлаушы бар. Қазіргі кезде 105 адам дауыс берді. Сайлаушылар арасында 18 жасқа енді ғана толған 64 жас тізімде.

- Сайлау учаскесінде дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орындар қарастырылды. Үйден дауыс беремін деп өтініш білдірген 1 сайлаушы бар. Ал ең үлкен егде жастағы дауыс берушіміздің жасы 85-те, - дейді комиссия төрағасы.