• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Жетісайда 102 жастағы әже дауыс берді

416 рет
көрсетілді

Түркістан облысы,  Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елдімекенінің тұрғыны Зәбира Смайлова  №75 сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп жазады Egemen.kz. 

«Осындай тоқшылықта, бейбіт елде өмір сүріп жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар. Оқ пен оттың қатері жоқ. Сондықтан, қолда бар құндылықтарды бағалай білу керек. Кезінде аш та болдық, жәутеңдеп үреймен өмір сүрдік. Бүгін міне, өз еркіміз өзімізде тәуелсіз елміз. Барымызға қанағат жасап, болашаққа жақсы үміттермен өмір сүре білейік. Қашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің келешегі үшін дауыс беріп жатырмын», деді кейуана.

Бүгінде 9 перзенттен тараған 40 немере мен 120 шөбере сүйіп отырған Забира әжей елдегі болып жатқан жағымды жаңалықтардан да хабардар екенін білдіріп, елді ынтымақ-бірлікке шақырды. 102 жасқа келген қарт ана елде жақсылықтың толастамауын тілейді.

Айта кетейік, Забира әже 1920 жылы дүниеге келген.

Екінші дүниежүзілік соғысты басынан өткізген кейуана белі қатып, бұғанасы бекімей жатып тың игеруге қатысқан. Қолына кетпен алып, шабық шауып, масақ терген. Диірменде ұн өткізіп, мал да баққан. Адал еңбегінің арқасында елдің құрметіне бөленіп, кеңес дәуірінде колхозда қарапайым жұмысшы болып, белі талмай еңбек еткен қарияның өмір жолы көпке үлгі боларлық.