• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2022

Ел болашағы үшін дауыс бердім – Соғыс ардагері

505 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы №21 мектепте орналасқан №64 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері соғыс ардагерінің шаңырағына келді. Бисен Боқаев президент сайлауында өз таңдауын жасап, сайлау бюллетеніне қол қойып, дауыс беру жәшігіне салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Бұл сайлаудың маңызы айрықша. Мен еліміздің жарқын болашағы үшін, ұрпақтарымыздың келешегі үшін дауыс бердім. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендету қандай маңызды болса, осы ұлы міндеттерді іске асыратын президентімізді таңдап дауыс беру де үлкен міндет. Сайлауға қатысып, таңдауын жасап, дауыс беру әрбір азаматтың парызы деп білемін. Қазақстанымыз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын, - дейді Бисен Боқаев.

Бисен Боқаев 1942-1944 жылдары шекара қызметінде әскери міндетін өтеген. 1944 жылдың сәуір айынан 2-ші Украин майданында болып, Яссы-Кишинев операциясына, Бессарабия мен Румынияны азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыс біткен соң шекара әскерлерінде қызметін жалғастырды. «Қызы Ту», «II дәрежелі Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін» ордендерінің иегері.