Сайлау өткізудің барлық ережесін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда байқаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде байқаушылар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сайлауды 600-ден астам халықаралық байқаушы бақылады. Оның ішінде 532 байқаушы 10 халықаралық ұйымнан және 109 байқаушы 35 шет мемлекеттен келген.
Барлық қадағалаушы-ұйымдардың аккредитациясы бар екенін атап өту қажет. Ол аталған қоғамдық ұйымдар өз байқаушыларына (қандай құқықтары мен міндеттері бар, не істеуге болады/ не істеуге болмайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда сол актілер қалай толтырылатыны туралы) тиісті оқыту жүргізгенін білдіреді.
Өз байқауларының қорытындысы бойынша олар сайлау өткізудің легитимділігін жариялайды деп ойлаймын.
Айдар ҚҰРМАШЕВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы