• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Қараша, 2022

Саяси өмірдегі салмақты оқиға

207 рет
көрсетілді

Президенттік сайлау – кез келген елдің саяси өмірі үшін маңызды оқиға. Сондықтан оны жүзеге асырудың ережелері мен нормалары Конституцияда және заңдарда бекітіледі. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді, сондай-ақ дауыс санауды сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Жалпы сайлау тетігі халық­ара­лық деңгейде де, Қазақстанда да әлдеқашан пысықталған. Бүгінгі сайлау да өзгеше емес. Дауыс беру үдерісіне Орталық сайлау комиссиясы, мемлекеттік органдар мен азаматтар жауаптылықпен қарайды. Сайлауды ұйымдастыру жұмыстары халықаралық стан­дарттар мен заңнамалық нор­маларға толығымен сәйкес жүр­гізілгенін атап өткен жөн.

2022 жылы президенттік сайлаулар Филиппин, Франция, Бразилия, Колумбия, Словения, Аустрия және басқа да елдер­де өтті. Сайлау кезінде әр азамат­тың дауысы маңызды. Мысалы, Фран­циядағы сайлауда Эмануэль Мак­рон 58,55% дауыс жинаса, оның қарсыласы Марин Ле Пен 41,45 пайыз дауыс жинады. Ал Бразилия президенті Лула да Сильва 50,9 пайыз дауыс жинап, қарсыласы Жаир Болсонарудан небәрі 1,8 пайыз ғана артықшылыққа ие болды. Жаһандық үрдіске сәйкес әрбір азаматтың дауысы маңызды болып отыр.

Халық дер кезінде дұрыс және саналы таңдау жасау үшін елдің саяси өмірін мұқият қадаға­лауы қажет. Қазіргі сайлау циклі қазақ­­­стан­дықтардың сайлауға жауап­­­ты екенін көрсетіп отыр. Бұл – пре­­зидент сайлауына да, ауыл әкім­­дерінің сайлауына да қатыс­­ты ұстаным. Қазіргі таңда Қазақ­­стан­ның саяси мәдениеті трансформация мен жаңарудың маңызды кезеңінен өтіп жатыр деп сеніммен айтуға болады.

 

Еркін ТҰҚЫМОВ,

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры