• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қараша, 2022

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

313 рет
көрсетілді

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін атап өтті.

Тараптар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.