• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Таным 21 Қараша, 2022

Oxford Qazaq Dictionary сөздігі жарыққа шығады

712 рет
көрсетілді

60 мың сөз қамтыған, жалпы көлемі 1 300 беттік қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша оксфорд сөздігінің тұңғыш басылымын Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен «Ұлттық аударма бюросы» дайындады. Бұл туралы жоба жетекшісі Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әлемге танымал Oxford University Press баспасы екітілді oxford qazaq dictionary сөздігін басып шығаруға ресми рұқсатын берді. Сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford English Dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды.

Сөздік құрастыру жұмысы төрт жыл үздіксіз жүріп, оған қазақ және ағылшын тілінің лексикасына маман­данған 50-ден аса тәжірибелі тілші атсалысты. Сөздікті жетілдіруге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары қатысып, сөздік институт ғылыми кеңесінің сараптамасынан өтті.

Сөздік құрастыру аясында қазақ және ағылшын тілі лексикасындағы өзгерістер, әсіресе қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы мен сауда сала­ларындағы жаңалықтар ескерілді. Сондай-ақ сөздікте ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикасы мен дыбыстау, емле ережелері түсіндірілетін қысқаша нұсқаулықтар, қазақ тіліндегі іскерлік және электронды хат-хабар жазу үлгілері берілді.

Сонымен бірге, осы сөздік негізінде қазақ тілі Oxford Global Languages платформасына қосылады. Бұл бастаманың мақсаты – әлемнің ірі де, іргелі 100 тілі­нің лексикалық қорын өзара байланыстырып, ортақ ғаламдық тіл корпусын жасақтау. Ол туралы кеңінен қосымша хабарлаймыз.

Қазақ тілін әлемдегі ең танымал әрі ең беделді сөздіктер желісімен байланыстырып, ғаламдық лингвистикалық ортаға қосатын бұл сөздік ана тілімізді қолдау және заманға сай дамыту жо­лындағы үлкен қадам деп білеміз.

Осы маңызды жобаға қолдау біл­дірген Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сөздік кең кө­лемде басылып, еліміздің оқу орындары мен кітапханаларына таратылады.

Осы жобаға қатысып, аса ауқымды да күрделі жұмысқа атсалысқан барша әріптестерімізге алғыс айтамыз!, дейді Р.Кенжеханұлы.