Қазақстанның қазіргі Президенті биыл елді дүр сілкіндірген қанды тәртіпсіздіктерден кейін жексенбі күнгі кезектен тыс сайлауда жеңіске жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы сайлау бюллетенінде бес кандидат ұсынылды. Қазан айының аяғында басталған науқанның қысқа мерзіміне байланысты олардың ауқымды проблемаларды шешуге мүмкіндіктері аз болды. Қ.Тоқаев өзге кандидаттармен сайлау алдындағы пікірталасқа қатыспады. Дауыс беру нәтижесі бойынша 82,45 пайыз басым дауысқа ие болды.