• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Қараша, 2022

Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

445 рет
көрсетілді

26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Енді Мемлекет басшысы 26 қараша күні ант береді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 22 қарашада өткен ведомство отырысында Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады.

Сайлау нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.