Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығына сәйкес Арсен Жақыпов Павлодар облысы бойынша өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Арсен Абзалұлы 1993 жылы 4 маусымда Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетін бітірген. Сондай-ақ Германияның Берлин қаласындағы DBB академиясында, сонымен қатар Мұхаммед ибн Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебінде шетелдік тағылымдамадан өтті. Еңбек жолын Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы - заңгері болып бастады.2015 жылдан 2016 жылға дейін Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулет-жоспарлау секторының жетекші маманы, Нарынқол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының жетекші маманы.2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы.2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын мемлекеттік органдарда дамыту басқармасының басшысы.Биылғы жылдың 22 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі.