Абай облысында 22 қарашада сағат 18:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, тас жолдың 615-967 шақырымы аралығында қозғалыс шектелді. Бұл Алматы облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске.
«Жолдың бұл учаскесі «СинеМидасСтрой» БК» ЖШС-нің қайта жаңғыртуына жататынын айта кеткеніміз жөн. Қар құрсауын болдырмау үшін тас жолдың осы учаскесінде 20 арнайы техника мен 32 адам жұмыс істеп жатыр», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.