• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2022

9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пунктін жаңғырту басталды

271 рет
көрсетілді

Қытай шекарасында бүгінде пандемияға байланысты көлік құралдарын өткізу әлі де шектеулі. Осыған байланысты жүргізушілер өз кезегін апталап күтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткізу пункттерінде техникалық бақылау құралдары жабдықтарының 70%-дан астамы ескірген (ИДК, рентген аппараттары, таразы жабдықтары).

Өзбекстан Республикасы да өткізу пункттерін жаңғыртуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сол үшін екі Үкімет арасында өткізу пункттерін, автомобиль жолдарын қайта құру және жаңғырту және қазақ-өзбек шекарасындағы іргелес аумақты жайластыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

Тараптар өткізу пункттерін бір мезгілде жаңғырту жөніндегі іс-шараларды талқылау бойынша екіжақты кездесулерді тұрақты өткізуде.

Жүргізілген жаңғыртулардың оң әсерін, көлік ағынының өсуін және төлемдердің түсуін ескере отырып, МКК 2022 жылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасын жаңғыртуды және техникамен жарақтандыруды бастады.

Барлық 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалау компаниясы жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Әрбір нысанды қайта құрудың жоспарланған мерзімі – 19 ай.

Қазіргі уақытта «Достық» автомобиль өткізу пунктінің құрылысы және «Достық» теміржол өткізу пунктін техникалық жабдықтау басталды.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Өзбекстан тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨР) автомобиль өткізу пункттерін қайта құруды бастау жоспарланып отыр. Пункттер халықтың тығыз орналасуына және қолайлы жағдайдың болмауына байланысты толық жабылады.

Қалған өткізу пункттерін қайта жаңартуды жабусыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып, жүргізу жоспарлануда. Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Барлық өткізу пункттері Мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан азаматтары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағдарланған.

Жолаушылар терминалдарында, сондай-ақ жүк АКҚ жүргізушілеріне арналған тұрақта халықаралық әуежайларға  ұқсас барлық қажетті жағдайлар (асханалар, дәретханалар, ана мен бала бөлмелері және т.б.) жасалады.

Сондай-ақ ЖАО-мен бірлесіп өткізу пункттерінің алдында тұрақтарды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Достық» автомобиль өткізу пунктінің алдында «ҚазАвтоЖол» АҚ 2023 жылы 200 АТС тұрақ салу жоспарлануда.