• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Қараша, 2022

Тұман, көктайғақ, жел: Ертеңге арналған ауа райы болжамы

377 рет
көрсетілді

Қазақстандық синоптиктер 2022 жылдың 24 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына қарағанда, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын- шашын күтіледі.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ болады. Ал батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында боран күтіледі. Жетісу облысының солтүстік-шығысында желдің күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді», делінген хабарламада.

Астанада ауыспалы бұлттылық сақталып, күндіз жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с болады. Түнде ауа температурасы -12...-14°С, күндіз -3...-5°С.

Алматыда күн бұлтты болып, түнде аздаған жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы +2...+ 4°С, күн +9...+11°С.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтсе де ауыспалы бұлттылық сақталады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +5...+7°С, күн + 17...+19°С.