• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қараша, 2022

Үндістан барлық карантиндік шектеулерді алып тастады

423 рет
көрсетілді

22 қарашадан бастап Үндістан билігі шетелдіктердің кіруіне қойылатын талаптардың басым бөлігін алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, вакцинация енді халықаралық келушілерге міндеттелмейді.

«COVID-19 траекториясының тұрақты құлдырауы әлемде және Үндістанда COVID-19 вакцинациясын қамтудағы елеулі жетістіктерге байланысты. Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі Халықаралық келушілерге арналған нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын шығарды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетелдіктерге енді Air Suvidha порталында вакцинация туралы декларацияны толтыру, сондай-ақ елге кіру үшін ПТР сынақтары қажет емес.

Өткен аптада билік Үндістанда ішкі және халықаралық рейстерде маска тағу міндетін алып тастады. Енді саяхатшыларға маска болмағаны үшін айыппұл салынбайды.