• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қараша, 2022

Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игеру мәселесі талқыланды

294 рет
көрсетілді

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игерудің өзекті мәселелері, газ өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларды іске қосу жоспарлары, сондай-ақ өндірістегі тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар пысықталды.

Әлихан Смайылов Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыратынын жеткізді.

Өз кезегінде Зои Юнович компанияның екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті екенін айтты. Осылайша, қос тарап мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға әзір екендерін растады.

Келіссөз қортыныдысы бойынша, Премьер-Министр Үкіметтің мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін атап өтті.