• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қараша, 2022

Премьер-Министр «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

197 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында холдинг қызметінің 2022 жылғы 9 айдағы мәселелері талқыланды.

Директорлар Кеңесі ІІ тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есепті және биылғы жылдың ІІІ тоқсанындағы ішкі аудиттің қорытындыларын тыңдады. Сондай-ақ 2023 жылға арналған даму жоспарлары мен жылдық бюджет мәселелерді талқыланды.

Одан бөлек, отырыс аясында холдингтің 2020-2022 жылдары бюджетті пайдалануы туралы есеп ұсынылды.

Сондай-ақ кездесуде стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі сайланды.