Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын табыстады, д
еп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тапсыру рәсімінен кейін Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтуға деген өзара қызығушылықты атап өтті.
Өзбекстан Президенті Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.