• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Қараша, 2022

«Үшарал-Достық» тас жолы уақытша жабылды

260 рет
көрсетілді

Ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» тас жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«25 қарашада сағат 08:30-да Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал-Достық тас жолының 84-184 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, 25 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі деп күтілуде. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Талдықорғанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.