• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2022

ШҚО-да боранға байланысты екі жол жабылды

296 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, 25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Жел мен қатты боранның салдарынан жол көрінбейді.

«Азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және «112» қызметінің хабарламаларын қадағалауды сұраймыз. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райының болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру қажет», делінген хабарламада.