• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қараша, 2022

Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын атады

462 рет
көрсетілді

Елімізде білім беру ісінен бастап индустрияландыруға дейін қоғамның барлық саласы жаңғыртылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтты. 

«Енді біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамды трансформациялап, Қазақстанды шынайы демократиялық институттары дамыған елге айналдыру үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, қастерлі тәуелсіздігімізді нығайтамыз», деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір біз осы қиын-қыстау жолдың басында тұрмыз.

«Алдымызда атқаратын жұмыс көп. Әрбір азамат елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуге тиіс. Мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты – білім беру ісінен бастап индустрияландыруға дейін қоғамның барлық саласын жаңғырту. Еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің негізін жаңа технологиялар, жоғары еңбек өнімділігі, азаматтардың шығармашылық бастамалары құрайды», деді Президент.