Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолының 65 км-де алдын ала жабылған трассада қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада