• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2022

Жетісу облысында бірқатар жол уақытша жабылды

146 рет
көрсетілді

Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 қарашада сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында, республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында, республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тұрғындардан аталған бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.