Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тағы бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» тас жолының 0-124 шақырымында (Қалжыр мен Марқакөл ауылдарының аралығы), облыстық маңыздағы «Алтай-Чапаево» тас жолының 0-36 шақырымында көлік қозғалысына толықтай тыйым салынған», делінген хабарламада.
ТЖД мамандары тұрғындарды жолда барынша абай болуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.