• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 28 Қараша, 2022

«Спартак» сан соқтырып кетті

135 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» кезекті матчын «Барыс Аренада» өткізіп, Мәскеудің «Спартак» клубынан жеңіліп қалды.

Тұрақты біріншіліктегі кейінгі төрт ойынын өз айдынында өткізген Андрей Скабелка шәкірттері соның тек біреуінде ғана жеңіске жетіп, үш матчта қарсыластарына жол берді. Бұған дейін «Амур» мен «Ак Барстан» оңбай ұтылған жерлестеріміз соңғы бәсекесінде «Спартакты» жеңе алмады.  «Барыс» үшін бұл кездесу сәтті басталған еді. Бірінші кезеңнің жетінші минутында Никита Михайлис мер­ген­дігімен көзге түсіп, «Барысты» есепте алға шығарды. Алайда арада 11-минут өткенде қонақтар сан басымдығын тиімді пайдаланып, таразы басын теңестіріп кетті. Голдың авторы – Шэйн Принс.

Үзілістен кейін де қонақтардың алғашқы бестігі «Барыс» қақпасының маңайында біраз қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде, Принс қатарынан екі мәрте Юлиус Гудачектің қақпасынан саңылау тауып, таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді. Ал үшінші кезең­нің алғашқы минутында мәскеуліктерден Алек­сандр Хохлачёв ойынның нүктесін қойды – 4:1.

«Барыс» келесі ойынын бүгін Ека­терин­бургте жергілікті «Автомобилист­пен» өткізеді.