• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2022

Әкімдік қызметкерлері жалған актіге қол қойған

278 рет
көрсетілді

Атырау облысында әкімдік қызметкерлері көпбалалы отбасыларға арналған үй салу кезінде атқарылған жұмыстар туралы 330 миллион теңгелік жалған актіге қол қойды. Бұл туралы Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Еран Досанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аққыстау ауылында 60 пәтерлі үш қабатты тұрғын үй салу барысында мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлаған болуы мүмкіндігі анықталды. 

«Құрылыс барысында Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойған. Яғни, барлық үш тұрғын үй бойынша жұмыс 330 миллион теңгеден астам сомаға орындалмады. Департамент облыс басшылығының атына хат жолдады», деді Досанов.

Енді нысанның құрылысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында болады.