Президенттің инаугурациясынан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.